Түркістан облысы қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы тағайындалды. Еліміздің Қорғаныс министрінің бұйрығымен бұл қызметті подполковник Нұрмаханбет Дюсебаев атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Нұрмаханбет Бексейітұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999 жылы әскер қатарына шақырылып, отан алдындағы борышын 6506 әскери бөлімінде өтеген. 2002 жылы әскери қызметін облыстық әскери комиссариатта заң кеңесшісі болып бастаған.

Әскери қызмет барысында Н.Дюсебаев Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде заң қызметі, түрлі басқармалардың бастығы қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департемент бастығының орынбасары - жасақтау басқармасының бастығы лауазымында болған.
null

ҚР Қарулы Күштеріндегі еңбек өтілі - 18 жылға жуық. II-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және мерейтойлық бірқатар медальдармен марапатталған.

Отбасылы, 3 перзент тәрбиелеуде.

Соңғы жаңалықтар