+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Түркістан облысы: Көлігіне маймыл салып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін

2021 жылғы 15 маусым 14:43
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы: Көлігіне маймыл салып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында көлгіне маймыл салып алып жүрген азамат жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді Түркістан қаласында күш-қуат құрылымдарына жаңа ғимараттар салынып жатыр Карантин талаптарын бұзғандар жыл басынан бері 1 жарым млрд теңге айыппұл төлеген

«Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде «Instagram» парақшаларының бірінде жол жиегінде маймылдың электр бағанының үстіне шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады»,-делінген жазбада.

Бұл видео бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден істің мән-жайын анықтауға кіріскен. Оқиғаның Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде болғаны анықталды. Маймылдың иесі Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Оның айтуынша, ол аталмыш жануарды тасымалдап бара жатқанда, абайсызда тордан шығып кетіп, жақын маңдағы электр бағанына мініп алған. Ал оны бағаннан түсіру үшін иесі пневматикалық қарумен бірнеше рет ауаға оқ атқан. Содан соң маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен.

«Макака» тұқымды маймылды жергілікті тұрғын Өзбекстан Республикасынан сатып алған, одан кейін Сарыағаш ауданында қайта сату үшін алып кетіп бара жатқаны анықталды.

Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ қызметкерлері маймылдың иесінің жасаған іс-әрекеті бойынша жағдайды зерделеп, тиісті құжаттарын тексеріп, әкімшілік жауапкершілігін қарау үстінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT