+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 28 мамыр 18:31
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен бұл қызметті Тимур Арсенұлы Нахыпбеков атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы келді Жамбыл облысындағы Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды Түркістан облысында комиссия шешімімен жұмыстан босатылған дәрігер бөлім меңгерушілігіне тағайындалды

Тимур Нахыпбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «заңгерлік» мамандығында оқыған. Іскерлік әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысымен күрес департаментінде инспектор ретінде бастаған.

2009 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК«АҚ «Шымкент жол бөлімшесі« филиалының заң консультанты, заң секторы бастығының м.а. қызметін атқарған.

2013 жылы «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы филиалының әкімшілік кедергілер жөніндегі бас сарапшысы қызметінде болды.

2013 жылдың қараша айынан 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымдық қызметтерде еңбек етті. Ең алдымен –бас сарапшысы, одан кейін сервистік қолдау, құқық қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімдерінің басшысы, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығы» ЖШС директорының орынбасары, 2017-2018 жылдарда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аппаратының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының кеңесшісі болып еңбек еткен.

2018 жылдан 2020 жыл аралығында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымында болды.

Ал 2020 жылдың ақпан айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҰКП өңірлік даму департаментінің басқарушы директоры қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT