Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар саны бойынша көшбасында тұр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар саны бойынша көшбасында тұр. Бұл туралы кәсіпкерлік жөніндегі аймақтық жобалық кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өткен жиында екінші деңгейлі банктер мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры« АҚ өңірлік филиалдарының басшылары «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінде өңірде жобалық кеңсенің үйлесімді жұмысы нәтижесінде 24,4 млрд теңгеге 264 жоба түрлі қаржы институттары тарапынан несиелендірілген. Жалпы кеңсе тарапынан әзірленген пул құрамында 51,4 млрд теңгені құрайтын 478 жоба бар.

Облыс әкімінің орынбасары жиын барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалдары мен екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету аясында белсенділіктері төмен екенін атап өтті. Қаржы институттарының басшыларына кәсіпкерлік субъектілерін уақтылы қаржыландыру бойынша жұмысты күшейту және жандандыру тапсырылды. Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына енгізілген өзгерістерді кәсіпкерлік субъектілеріне уақтылы жеткізуде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі қамтылды.


Соңғы жаңалықтар