+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Түркістан облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2018 жылғы 3 тамыз 12:35
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Тәжібаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бейсенбай Дәулетұлы1982 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы журналист, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі ретінде бастаған. 2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК-нің директор - бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС Бас редактор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған.
Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет етіп келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT