+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастады

2020 жылғы 13 ақпан 12:04
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 629,8 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 85,5 млрд теңгеге көбейді. Негізгі капиталға 55,4 млрд теңге жеке инвестициялар тартылып, 23,7 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммукациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді АШМ төрт жылдың ішінде қазақстандық алманы отандық нарыққа қайтаруды көздеп отыр Ақтөбеде жайылым мен егістік цифрландырылды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, өңірде 70 мыңға жуық шаруа және фермерлік қожалық жұмыс істейді. Республикадағы үлесі - 35 %. Ауыл шаруашылығы саласына 41,6 млрд теңге қолдау қаржы қаралған, оның ішінде 28,3 млрд теңге субсидия - 27,5 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 213,5 млн АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,6 есеге артты. Оның ішінде 1 млн 200 мың тонна өсімдік шаруашылығы және 32,8 мың тонна мал шаруашылығы өнімдері экспортталды. Сондай-ақ, 19 мың тонна ет экспортқа шығарылып, Түркістан облысы республикада көш бастады», - деді Нұрбек Бақтыбайұлы брифингте.
Сонымен қатар, былтыр облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 826,8 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 13,3 мың гектарға артқан. Ал тамшылатып суғару әдісі қосымша 7,8 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 17,6 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, жылыжайлар 179 гектарға салынып, өңірдегі жалпы көлемі 1 114 гектарды құрады. Республикадағы үлесі — 67 %.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT