+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Түркістан облысы Байтоғай ауылында қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып кетті

2020 жылғы 6 маусым 17:57
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы Байтоғай ауылында қатты дауыл үйлердің шатырын ұшырып кетті

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Байтоғай ауылында қатты дауыл тұрып, тұрғын үйлер мен ғимараттар шатырсыз қалды. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні қатты болып, тұрғындарға қауіп төндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Облыстық ТЖД мәліметінше, 5 маусым күні тұрған жел Байтоғай ауылындағы жалпы ауданы 653 шаршы метрді құрайтын ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Олардың қатарында жеке баспаналар мен кәсіпкерлік нысандар бар. Табиғи апаттан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

«Бүгін, 6 маусым күні, облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл болуы мүмкін екенін ескертеміз. Шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықты құрауы ықтимал» делінген хабарламада.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT