+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Түркістан облысы: Бәйдібек аудандық ауруханасында лапароскопиялық ота жасалатын болды

2021 жылғы 23 қыркүйек 20:58
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы: Бәйдібек аудандық ауруханасында лапароскопиялық ота жасалатын болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Бәйдібек аудандық ауруханасында лапароскопиялық ота жасалатын болды. Бұл оталарды жасау үшін орталық аурухананың хирург дәрігерлері мен медбикелері облыстық клиникалық аурухана базасында өз білімдерін жетілдіріп, машықтанудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанға 28 тонна медициналық жүк жеткізілді Эпидахуалды бағалау матрицасы: Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті Өткен тәулікте Қазақстанда 1732 адамнан коронавирус анықталды

Аудандық аурухананың хирургия бөлімінде лапароскопиялық оталар «эндовидеолапароскоп» аппараты арқылы жасалуда. Іш-қуысын кеспей тесіп жасалатын оталардан кейін науқастар небәрі 4-5 күнде ауруханадан үйіне шығарылады. Яғни, аппаратпен өт алу, жарықтар (грыжа), аппендицит сияқты күрделі оталар жасалуда. Бұл оталар жедел түрде және МӘМС арқылы жоспарлы тексерілулерден өткен науқасқа ақысыз жасалады.

«Өткен жылдан бері 60 рет өт тасы алынып, 8 рет жедел аппендицитке және гинекологоиялық науқастарға оталар жасалынды», – дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлдария Шардарбекова.

Ауруханада кейде басқа аймақтардан қыдырып келген науқастарға да жедел түрде ота жасалып, тиісінше емдік-шаралар көрсетіліп келеді. Айта кетейік, бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысына емханадан бастап аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі ауруханалардағы медициналық көмектер қолжетімді болуда. Аудан, қалалардағы медициналық ұйымдардың материалдық базасы нығайып, жергілікті халықтың сұранысына қажетті қызметті іске қосып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT