Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне Тұрғанбек Үсенбекұлы Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғанбек Үсенбекұлы 1961 жылғы 2 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген.

1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – финанс және кредит.

Еңбек жолын 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы №1 ЖМК «Қызылқұмкеңшарқұрылыс» тресінде құрылысшы болып бастаған.

1982 жылы Мақтаарал аудандық қаржы бөлімінде экономист, 1984 жылы Шардара ауданындағы ПМК-22 «Чардарастрой» басқармасының еңбек және жалақы бөлімінің бас инженері, 1988 жылы Сүткент совхозының комсомол комитетінің хатшысы, 1992 жылы Шардара аудандық мемлекеттік салық инспекциясының бас салық инспекторы, 1993-1998 жылдары Қаржы бақылау комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі болып еңбек еткен.

1998-2003 жылдары Шардара аудандық мәслихаты тексеру комиссиясының төрағасы, 2006-2011 жылдар аралығында Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2003-2006 жылдары және 2011-2012 жылдары Шардара ауданы әкімінің орынбасары болды.

2012-2013 жылдары Шардара қаласының әкімі, 2013-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылдан қазірге дейін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

Соңғы жаңалықтар