Түркістан облысы: ауыл әкіміне үміткерлердің 170-сі өзін-өзі ұсынса, 89-ы саяси партиялар атынан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен 181 ауыл округінің 60-да жаңа форматтағы тікелей сайлау өтеді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ауыл округінің әкімдігіне облыстағы тіркелген әр саяси партиялардан бір үміткерден ұсынылса, өзін-өзі ұсынатын үміткерлерге шектеу қойылмаған.

«Сайлау кезінде өңірлерде 242 учаске жұмыс істейді. Сайлауға жалпы 262 500 дауыс беруші қатысады деп күтілуде. Сайлау кезінде облыстағы барлық учаскелерінде карантиндік талаптар қатаң сақталатын болады. Ауыл әкімдігіне ұсынылу мерзімі ағымдағы жылдың 26 маусымда басталып, 9 шілдеде сағат 18:00-де аяқталған болатын. Қазірге дейін жалпы 285 үміткер тіркелсе, олардың талаптарға сәйкестіктері тексерілген соң 252 үміткер қалған», - деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.


Соңғы жаңалықтар