+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары шалғай ауылдарда тұрғындармен кездесуде

2020 жылғы 8 ақпан 14:01
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары шалғай ауылдарда тұрғындармен кездесуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Ақниет ауылында тұратын көмекке мұқтаж отбасылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толықтай сипаттайды – Талғат Нұрғожин Атырауда 721 адам  42500 теңгеден төлем алды Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

Жүк тасушы болып нәпақы табатын отағасы облыс әкімінің орынбасарына кәсіпкерлік негіздерінен білім алып, мемлекеттік грант көмегімен өз кәсібін бастауға ниеті барын айтты.

«Кәсіпкерлік курстарын оқып, өз ісімді ашамын, жағдайымды дұрыстаймын деген әрбір азаматқа біз қолдау білдіруіміз керек. Оқытып, үйретіп, мүмкіндігінше өз ісін бастауда қаржылық мәселелерін шешуге де қолғабыс жасауға болады. Ең бастысы – адамда ниет пен әрекет болуы керек», – деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Жетісай ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар отбасына «Қамқорлық» бағдарламасы аясында тұрмыста қажетті заттар үйлестірілді.

Сонымен қатар Жетісай ауданы әкімдігінде аудан кәсіпкерлерінің көшпелі үйлестіру кеңесі өтті. Жиынның мақсаты – ауданда кәсіпкерлік саласында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарымен танысу, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында қолбайлау болған мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру, ұсыныстарды талқылау. Отырыста Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ өңір басшысының орынбасары Жетісай ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Несие алу, кәсіпкерлік ашу, жұмысқа орналасу, ауыл шаруашылығы, жол, газдандыру, әлеуметтік жәрдемақымен қатар сапалы медициналық қызмет алу мәселелері бойынша өтініштерімен келген тұрғындарды жеке-жеке қабылдаған облыс әкімінің орынбасары әрбір өтінішті мұқият тыңдады. Қабылдау барысында тиісті басқарма мен бөлім басшыларына тапсырма жүктеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT