+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды

2020 жылғы 15 шілде 22:50
Бөлісіңіз:
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - деді Сәкен Қалқаманов.


Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Бестөбе ауылында туған.

Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысы Сілеті ауданы «Изобильноей» кеңшерінің 2-бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған.

1983-2014 жылдары Ақмола облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байланысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Қалалық коммунальдық шаруашылық» мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана қалалық коммунальдық шаруашылық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» ЖШС өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және Жер ресурстары басқармасының төрағасы қызметінде болған.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT