Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері Халықтық кеңсенің жұмысымен танысты

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты аудан әкімдіктерінің аппарат басшылары мен ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары Түлкібас ауданындағы Халықтық кеңсенің жұмысымен танысты. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған кеңсе «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада кеңсенің жұмыс істеу механизмі таныстырылды. Өз кезегінде Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысы Ербол Орманов халықтық кеңседе әкімдікке қарасты 8 дербес бөлім 95 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша «бір терезе» қағидатына сәйкес тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқанын айтты. «Елбасымыз айқындап берген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың 4 бағыты бар. Сол бағыттардың үшіншісі - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болып табылады. Автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейтін кеңседе азаматтар бұрынғыдай көп уақыт жоғалтпайды. Ең бастысы, қызмет түрлері жоғары сапада көрсетілетін болады» - деді Ербол Орманов. Аудандардың ішінде алғаш рет Түлкібас ауданында ашылған халықтың кеңсенің жұмысына риза болған семинарға қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағаларын беріп, өзара тәжірибе алмасты.

Соңғы жаңалықтар