+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Түркістан облыстық сотының судьясы пара алу үстінде ұсталды - ҰҚК

2020 жылғы 4 ақпан 11:33
Бөлісіңіз:
Түркістан облыстық сотының судьясы пара алу үстінде ұсталды - ҰҚК

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық соты судьясының заңға қайшы әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.

«Атап айтқанда, А. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуге заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында А. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады» делінген хабарламада.

Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлімі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT