Түркістан облыстық ауруханасының неврологтары ашық есік күнін өткізіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының клиникалық ауруханасында ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда инсульт жүрек және қатерлі ісік ауруларынан кейінгі кең тараған ауру түрі саналады. Өкінішке орай миға қан құйылу дертіне 30 бен 40 жас аралығындағы азаматтар да жиі шалдығуда.

Кәрі түгілі жастың өмірін жалмап жатқан аурумен күрес мақсатында Түркістан облысы клиникалық ауруханасының невролог дәрігерлері 23 қазан күні ашық есік күнін өткізуде.

Дәрігерлер әр азаматтың жеке диагнозына қарай тиісті кеңес беріп, медициналық көмек ұсынып отыр. Шараның мақсаты – халық арасында инсульттың алдын алып, алғашқы жәрдемді көрсетуді түсіндіру.

Қандай ауру болмаса да асқындырмай жолын кескен дұрыс. Миға қан құйылу кеселі де дәл солай.

Инсульт бұл – қан айналымының нашарлауынан орын алатын дерт. Салдарынан қан тамырлары жарылып адам өміріне үлкен қауіп тудырады. Немесе тромбтар бітеліп ишемиялық инсультке душар етуі мүмкін. Кесірінен науқастар мүгедектікке ұшырайды. Инсультке соқтыратын себептердің бірі ол – жоғары қан қысымы, стенокардия, темекі шегу мен спирттік ішімдікке әуестік, артық салмақ пен қан айналымының нашарлығы. Сондықтан әрине салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс.

Дер кезінде профилактикалық шара қолдану аурудың жолын кесетіні сөзсіз. Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес ұйымымен 2006 жылы 29 қазан аталған ауруға қарсы күрес күні болып жарияланған болатын. Содан бері ақ халаттылар барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ашық есік күні аясында дәрігерлік көмек көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар