Түркістан мен Тараз тұрғындарына түнде аспаннан таңғажайып жарық көрінді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан мен Тараз тұрғындарына түнде аспаннан таңғажайып жарық көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түнде сағат 22:30 бен 23:00 аралығында аспанда тізбектелген жарық пайда болды. Бір сызық бойында жылжыған сәуле біршама уақыттан соң ғайып болды. Желі қолданушылары бұл жайтты «жұлдыздар тізбегі», «Өзге ғаламшарлықтар», «Илон Макстың спутнигі, «Ұшатын пойыз», «Аспан кемесі» деп атап жатты.

Белгісіз бейнені Тараздық тұрғындар да көрген. Бұл туралы Көсемәлі Сәттібайұлы есімді желі қолданушысы «Тараз аспанынан таңғажайып жарық көрінді» деп жазды өз Facebook парақшасында.

«Ракетаның соңында шұбатылып қалатын кәдуілгі ізге ұқсамайды. Ол туралы айтпай-ақ қойыңыздар. Бұл бір ұқсаса, түн ішінде терезелерінің шамдары жарқырап өтіп бара жатқан пойызға ұқсайды. Өзім де соған ұқсаттым. Шынында не болды екен?
Ел « Илон Маск спутниктері « деген соң Гуглге кіріп іздеп едім, мына анық сурет шыға келді. «Жүре берсең, көре бересің» деген, мұны да көрдік. Бір шығармама арқау болар...», - деді ол.



Видеодан алын ғ ан кадр




Соңғы жаңалықтар