+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Түркістан кинотеатрында түркі елдерінің мультфильмдері тегін көрсетіледі

2021 жылғы 28 қазан 12:17
Бөлісіңіз:
Түркістан кинотеатрында түркі елдерінің мультфильмдері тегін көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары 29 қазан күні Kinopark театрында отандық және бауырлас түркі елдердің мультфильмдерін тегін тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды Елбасы кітапханасы мен ТүркПА меморандумға қол қойды Сенатта түркі мемлекеттері ынтымақтастығын тереңдету мәселелері талқыланды

Түркістан қаласында өтетін халықаралық ÁMEN Animation Film фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына арнап осындай мерекелік тарту жасайды.

«Биыл үшінші рет ұйымдастырылатын халықаралық фестивальге Қазақстанмен қатар, Әзербайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан мен Түркияның білікті мультипликаторлары қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарын «Khanshayim Plaza» орталығындағы Kinopark кинотеатрына сағат 11.00-де «Мұзбалақ», 12.20-да – «Istanbul Muhafizlary», 13.55-те – «Күлтегін» және 15.10-да «Махамбет» мультфильмдерінің көрсетіліміне шақырамыз. 30 қазан күні анимациялық фильмдер көрсетілімі Халықаралық қазақ-түрік университеті кітапханасының кинозалында жалғасады», - деп хабарлады фестиваль ұйымдастырушылары.

Сонымен бірге, фестиваль қонақтары анимация саласындағы әлемге әйгілі мамандардың шеберлік сағаттарына қатысып, мультфильм жасаудың қыр-сырын үйрене алады. Түркістанның Конгресс-холл кешенінде екі күн бойы анимация саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі фестиваль өтеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT