Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Түркістан: Келес ауданында жаңа демалыс орны ашылады

2019 жылғы 10 сәуір 22:38 603
Бөлісіңіз:
Түркістан: Келес ауданында жаңа демалыс орны ашылады

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны Нұрлан Жүзбаев Бірлік ауылдық округінен жаңадан демалыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеке кәсіпкерлікті тіркеу бір сағатта іске асырылады СҚО-да 26 мектеп оқушысы кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерді

Меншік иесінің бұл жоспарды жүзеге асырып келе жатқанына 2 жылдай уақыт болған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ауданда ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері жаңадан құрылып жатқан демалыс орнында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

«Байбол-ата» шаруа қожалығының меншігінде 70 гектар жер бар. Оның 10 гектарын бау-бақша, 20 гектарын көл алып жатыр. Қалған 30-40 гектар жер тоғай күйінде сақталған. Қожалық иесі бұл жерді демалыс орнына айналдыру үшін шетелден арнайы аң-құс пен балық сатып алып, оларды өсіріп, көбейтіп жатқанын айтады.

«Демалушыларға қару асынып, тоғай аралап, аң-құс ату үшін арнайы жер дайындап жатырмыз. Мәселен, Ресейден үйрек пен қаздың бірнеше түрлерін алдырттық. Қазір оларды инкубациялық жолмен көбейту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Балапан ашып шыққандарын тоғайға жіберіп отырамыз. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам жабайы қоян алып келдік. Жалпы осы жобаға бүгінге дейін 150 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсадық», - деді Нұрлан Жүзбаев.

Түркістан: Келес ауданында жаңа демалыс орны ашылады 

20 гектар аумақты алып жатқан көл жеті бөлікке бөлінген. Онда Венгриядан сатып алынған 160 мың дана балық жіберіліпті. Оның 50 мыңы сазан, 40 мыңы амур ақмарқасы, 20 мыңы дөңмаңдай, 50 мыңы тұқы балықтары.

Айта кетейік, қазір онда 20 адам жұмыс істейді. Қауіпсіздік үшін нысан қоршалып, айналаға бейнекамералар орнатылған. Жоба жоспар бойынша жүзеге асса, алдағы 2-3 жылда демалушылар үшін есік ашылады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT