Түркістан: Келес ауданында 5,6 млрд теңге инвестиция тартылған

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданында 5 млрд 646 млн теңгенің инвестициясы тартылған. Өндірілген жалпы өнім көлемі 46,9 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, ағымдағы жылы жаңадан құрылған ауданда өнім көлемін 62,3 млрд теңгеге жеткізіп, 132,8 пайызға арттыру жоспарлануда. Ал, шағын және орта субъектілер санын 7,4 мыңға немесе өткен жылмен салыстырғанда 107,2 пайызға өсіру көзделген. Нәтижесінде осы субъектілерде жұмыс істейтін адамдар саны 15 400 адамға жетіп, 124,9 пайызға артатын болады.

Бұдан өзге, «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы бойынша жалпы құны 327,4 млн теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілді. Сондай-ақ, жалпы құны 411 млн теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына ұсынылған.

Ауданда өткен жылы құны 250 млн теңге болатын 1 жоба іске асырылып, 30 жұмыс орны ашылған. Биыл құны 738,4 млн теңгені құрайтын 4 жоба қолға алынып, жергілікті 135 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар, Абай ауылының егжей-тегжей жоспарлау жобасында индустриалдық аймақтың құрылысы үшін 32,1 жер телімінің инфрақұрылымын қалыптастыруға техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭО) әзірленуде.

Ауданға тартылған инвестициясының 2 млрд 854 млн теңгесі республикалық бюджет, 1 млрд 422 млн теңгесі жергілікті бюджет, 1 млрд 369 млн теңгесі меншік қаражат есебінен болып отыр. Бұдан өзге, 2019 жылы ауданға 6 млрд 2 млн теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар