Түркістан қаласының бас жоспары таныстырылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының бас жоспарына сәйкес шаһар аумағы 22 370 гектарды құрайды. Қала әкімдігінде шаһардың бас жоспарының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға жобаны әзірлеген «Астана бас жоспары» ғылыми зерттеу жобалау институты» ЖШС қызметкерлері мен қоғамдық ұйым өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Сала мамандарының сөзінше, енді облыс орталығының аумағы кеңейіп, халық саны артпақ. Мәселен, қазір 164 900 халық тұратын болса, оның саны 2025 жылға қарай бас жоспардың бірінші кезеңінде 250 мыңға дейін өседі деп күтілуде. Ал, 2035 жылы есептік мерзімде 350 000 адамға жеткізу көзделіп отыр. Қалада тұрғын үйлердің саны артып, 2035 жылға қарай бір адамға шаққанда 28 шаршы метрге дейін өседі деп күтілуде

«Бұл жауапкершілігі жоғары жоба үш кезеңге бөліп қарастырылуда. Бұған 10 қосалқы мердігер мен 200-ден аса маман, яғни сәулетшілер, қала құрылысшылары, экономистер, тарихшылар, экологтар сынды мамандар қатысты. Бас жоспарда қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қалпына келтіру талаптары қатаң сақталған. Сондай-ақ, Түркістанда қала құрылысын дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің ұсыныстары орындалды», – деді «Астана бас жоспары ҒЗЖИ» ЖШС бас жоспардың арнайы шеберхана басшысы Әлібек Әбдрайымов.

Сонымен қатар, рухани шаһарда шығыстық үлгіде жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтеріп, қаланың ажарын аша түспек. Жобалау бойынша су, жылу, газ, электрмен жабдықтау да ұйымдастырылып, қалдық сулар ағатын кәріз жүйелері де назардан тыс қалмаған.

Соңғы жаңалықтар