Түркістан қаласының әкімі жаңадан салынып жатқан аллеяның жұмысымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жаңадан салынып жатқан аллеяның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алда екі апта ішінде толықтай аяқталады деп жоспарланған демалыс орнында бүгінде футбол алаңы мен балалар алаңшасы, сондай-ақ жарықшамдар мен орындықтар қойылған.

«Каналдардың жалпы саны 10-нан асады. Биыл төртеуі аяқталды. Түркістанда күн ыстық болғандықтан, микроклиматты құру үшін, адамдар серуендейтін орын жасауымыз керек. Мұндай орындар саны келер жылы 30-дан асады деп жоспарлап отырмыз. Осы жылы 20-ға жуығының жобасын дайындап қойдық. Жұмыстар көктемге дейін толық аяқталады», – деді Рашид Аюпов.

Айта кетейік, аллеядағы салынып жатқан ойын алаңшасы балалар үшін қажеттілігін көрсетіп отыр Себебі, аллея толық салынып бітпесе де бүлдіршіндердің барлығы дерлік осында ойнап, демалыс күндерін сол алаңшада өткізетіндерін қуана жеткізді.

Еске салайық, аллеяның құрылыс жұмыстары маусым айында басталған болатын. Жаз мезгілінде каналдардан су өтіп, нәтижесінде шомылуға мүмкіндік береді. Каналдың ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Шаһарды жасыл қалаға айналдыру мақсатында бөлінген 32 сектордың қолдауымен жан-жағына ағаш егілуде.

Соңғы жаңалықтар