Түркістан қаласының 11 жасар тұрғыны әкімнің назарын аударды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының 11 жасар тұрғыны Нұрболат Тасболат қала әкімі Рашид Аюповпен кездесті. Саттар Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаттың оқушысы көшелердің біріндегі шашылып жатқан қоқысты жинап, қалаға деген сүйіспеншілігін білдірген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баланың қоқыс жинап жүрген суреті әлеуметтік желілерде жарияланған соң қала әкімі онымен танысқысы келетінін айтты. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов оқушыны арнайы қабылдап, жас патриотқа алғыс хат және мектепке қажет құралдар салынған сөмке тарту етті.

Қала басшымен кездескен оқушы туралы ұстаздары да жақсы пікірде.

«С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы Тасболат Нұрболат – оқу екпіндісі, көпбалалы отбасынан шыққан әрі тәрбиелі жасөспірім. Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Ата-анасы - еңбекқор жандар. Мінезі ашық, достары және сыныптастарымен жақсы араласады. Мектепте «Сөз маржаны» үйірмесіне қатысады», – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалбибі Арқабаева.

Жалпы, Түркістан қаласында бүгінгі күні абаттандыру жұмыстары үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Қала тазалығы да басты назарда. Әр апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен жолдар қоқыстардан тазаруда.

Бұл іске өңірдің аудан-қалалары да өз үлесін қосып жатыр. Атап айтар болсақ, Бірлік елді мекеніне жауапты Жетісай ауданы, облыстық қоғамдық даму басқармасы, Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі өзіне тиесілі 15 сектор бойынша сенбілік жұмыстарын апта сайын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар