Түркістан қаласындағы дәріханалар бағаны негізсіз көтерген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Түркістан –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен бірқатар дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілді. Шара барысында дәріханаларда касса аппаратының болмауы және дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуі сынды кемшіліктер анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы жұмысшы топтың құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі, аға офицер Ақтөре Талғатұлы мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаментінің және ҚР ҰЭМ «Бәсекелестікті қорғау және дамыту» Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және облыстық «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.



Топ мүшелері облыс орталығындағы дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасына зерделеу жұмысын жүргізіп, бағаны негізсіз көтергендерге ескерту жасады.

Бұдан былай облыс тұрғындарына дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда 109, 102 және агенттіктің 1424 Call орталығына немесе +7776-837-09-00 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы жолдауға болатыны хабарланды.

Онда жергілікті халық дәріхана атауы мен орналасқан жерін және дыбыс пен бейнематериалдар жібере алады. Алдағы уақытта «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәрі-дәрмек құнына тұрақты мониторинг жүргізуді жүйелі түрде жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар