Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында Президент саябағы ашылды. Аумағы 40 гектар болатын саябаққа 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы - 100 мың текше метрге жуық. Тереңдігі – 4 метр.

Мұнда қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Жалпы саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық, 3500 шаршы метрге гүл егілген.

Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар.

Сонымен бірге жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген.

Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген. Жарықшамдар орнатылған.

Алдағы уақытта саябақта кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған біршама жобалар жүзеге аспақ.

Саябақтың ашылуына орай «Түркістан маржандары» мерекелік кеші ұйымдастырылды.

Түркістанның жаңа туристік орнына арнайы келген тұрғындар мен қонақтарға Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Кеш соңы жалпыхалықтық серуенге ұласты.


Соңғы жаңалықтар