Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында азық-түлік белдеуін қалыптастыру мен ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану мәселелеріне арналған семинар өтті.

Шаруалардың басын қосқан алқалы жиында халықты жұмыспен қамту мақсатында іске асырылатын жобалар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен тауар өндірушілері қатысты. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «КазАгроҚаржы» АҚ төрағалары, екінші деңгейлі банк басшылары мен ғалымдар, аудан-қала әкімдері мен облыстың тауар өндірушілері шақырылды.
null

Басқосуда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев пен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров агроөнеркәсіп кешеніне қатысты жеңілдетілген несиелер туралы баяндама жасады. Ал, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Жаубаев агроөнеркәсіп кешеніне жеңілдетілген несиелері мен несиелеу жолдары мен шарттары жайында түсіндіріп өтті. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов болса азық-түлік белдеуін қалыптастыру мен ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану, халықты жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асыратын жобалары хақында сөз сөйледі.

Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков те ауданда жүзеге асырылған және асырылатын жобалары туралы, «Қаскелең Агропаркінің» ғылыми жетекшісі Абай Сағитов агроөнеркәсіп кешенінің мәселелерін көтерді. «Dala Fruit» ЖШС директоры Болатбек Нажметдинұлы қарқынды бау шаруашылығының жетістіктері мен жеңілдіктерін қамтыса, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң ғалымы Қалымбетов Бердияр бір жылда мол өнім алудың тиімділігі туралы баяндама жасады.

Семинарда ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды қолдану мен бизнесті жолға қою жайы сөз болды. Мол табыс тауып отырған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар