Түркістан қаласында 420 пәтердің кілті табысталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 420 отбасы баспаналы болды.

Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың үйлеріне барып табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекетімізде енгізілген карантин режиміне және облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды орындау мақсатында ресми іс-шара ұйымдастырылмады. Тұрғындардың бір жерде шоғырлануын болдырмау үшін, шаһар басшысы алғаш төрт тұрғынға кілттерді қазіргі тұрып жатқан үйлеріне барып өзі табыстады. Өзгелерді Тұңғыш Президент күнімен және баспанаға ие болуымен құттықтап хат жолдады.

Айта кетейік, кезекте тұрған 11797 азамат egov сайты арқылы кезек реттілігін көре алады. Сондай-ақ, Орталықтандырылған сервистік өнімі базасы арқылы да тұрғын үй кезегінде тұрған заматтар ақпараттандырылады. Қазіргі таңда, Түркістан қаласы бойынша 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Облыс орталығы айналғалы қалада 89 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып жатса, бүгінге дейін 600 кезекте тұрған және 336 мемлекеттік қызметшіге пәтер табысталған болатын.


Соңғы жаңалықтар