Түркістан қаласында 12 қабатты 39 үйдің құрылысы жүруде

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында бой көтерген 12 қабатты 39 үйдің құрылысы наурыз айында толық аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде 7 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, сатылымға шығарылған. Баспанаға қолжетімділікті арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің пәтері «Отбасы банк» арқылы және «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылады. Былтыр жалпы алаңы 600 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында қазіргі таңда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

«Қазіргі таңда Түркістан қаласында 200-ден астам жаңа нысан мен ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Инвестициялық жобалардың саны артуда. Құрылыс компания басшыларымен кездесудің маңыздылығы белгілі. Жаңа нысандардың талапқа сай салынып, өз мерзімінде тапсырылуына күш саламыз», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынып отыр. Тұрғын үйлердің құрылысы да талапқа сай жүріп жатыр. Жаңадан бой көтерген үйлердің ауласына балалар алаңқайлары салынып, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оларға құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Баспананың сапасын басты назарда ұстауды ескертіп, абаттандыру жұмыстарының барысына мән берді.



Соңғы жаңалықтар