Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке облыс əкімінің өкімімен қаланың бұрынғы әкімінің орынбасары Тәжібек Қалманұлы Мұсаев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласының активіне Президент Әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Аймақ басшысы жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ,  Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың жүзеге асырылуын басты назарға алуды міндеттеді.

Айта кетейік, Тәжібек Мұсаев 1958 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер- механик. Еңбек жолын 1982 жылы Абай колхозының машина шеберхансының меңгерушісі ретінде бастаған.
null 

1985-2013 жылдары Кентау қалалық автокөлік паркінің инженері, Түркістан аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженері, Түркістан аудандық аграрлық-өнеркәсіптік бірлестігінің инженері, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы,  Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Түркістан қаласы Иассы ауылдық округінің әкімі,  Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, Түркістан қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Ал, 2013 жылдың қазан айынан бастап Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келді.
null 

Соңғы жаңалықтар