Түркістан қаласын көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінбек

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласын суландыру жүйесі қарқынды жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта қаланың бірнеше бағытынан келетін кіші каналдарды күрделі жөндеуден өткізіп, қала ішіндегі арықшаларға су тарту жоспарланған болатын. Бүгінде Қарашық өзенінен бастау алатын 5,2 шақырымды Қотырбұлақ каналы тазаланып, 7 көпірше салынады. Аталған каналдан қазіргі таңда 5-10 текше метр су «Арыс -Түркістан» магистралды каналына құйылуда.

Сонымен қатар, қала аумағын суландыру мақсатында «Арыс - Түркістан» магистралды каналынан босатылатын кіші арықтарға іске қосылды. Осы арқылы қалаға кіре беріс қақпаның төменгі жағындағы көшелер мен Саттарханов даңғылы бойындағы ағаштар суландырылуда.

Сондай-ақ, Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты ботаникалық бақтағы ағаштар су алып жатыр. Қаладағы көшелерге су келтіру де жоспарланып отыр. «Түркі бағы» және «Қаракөз» қорымы маңындағы егілген ағаштар да суландырылуда. Ғ.Мұратбаев көшесіндегі ирригациялық арықшалар мен Тәуке хан даңғылы, С.Ерубаев көшелерін суландыруға толық мүмкіндік бар. Бұл мақсатта барлық каналдарды жөндеу, тазалау бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады. Ағымдағы жылы орталық аймақтың 47 көшесіне 54,1 шақырым арықшалар орнатылмақ.

Алдағы уақыттарда Рухани-мәдени орталықта, Әкімшілік іскерлік орталықта және іргелес жатқан аумақтағы көшелерде салынатын жолдардың бойына жобамен 100 шақырым арықшалар орнату қарастырылуда. Бұл жобалардың барлығы Түркістанның экологиясын оңалтып, климатын жақсарту үшін жасалатын оң қадамдар болып отыр.

null null null

Соңғы жаңалықтар