Түркістан қаласы шығыстық үлгіде қайта жаңартылуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың барлығы шығыстық үлгіде салынатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Қожа Ахмет Ясауи кесененің маңайы абаттандырылып көркейеді. Қазір кесененің маңайында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды. Тұңғыш Президент есімімен аталатын даңғыл, яғни жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы - осы өңірдің тарихи құндылығы ескеріле отырып, шығыстық үлгіде жүргізілетін болады», делінген хабарламада.

Жалпы көлемі - 12.9 гектар аумақты құрайтын алаң толығымен реконструкциядан өтеді. Оның ішінде жаяу жүрушілерге арналған аллея, велосипед мен электр машиналарға арналған жолдар, қарқынды көгалдандыру, субұрқақтар кешені, ауызсу бұрқақтары жасалатын болады. Қазіргі таңда бұл аумақтың құрылысын «ВAZIS-A» компаниясы жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар