Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы тағайындалды. Бұл қызметті полиция полковнигі Бауыржан Селтанов атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жаңа бастықты Түркістан қаласы ПБ-ның жеке құрамына таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Айта кетейік, полиция полковнигі Бауыржан Селтанов Ішкі істер органдарында 1995 жылдан бері қызмет атқарады. ҚР ІІМ Қостанай заң институтының түлегі, заңгер. Жедел-тергеу бөлімдерінде жұмыс тәжірибесі мол. Шымкент қалалық ІІБ, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Криминалдық полиция мен Штаб басқармасын басқарған. 2018 жылдан бастап Түркістан облысы ПД Ордабасы АПБ бастығының қызметін атқарған. ҚР ІІМ медальдарымен және грамоталарымен марапатталған.

Өңірде, сондай-ақ, Сайрам аудандық Полиция басқармасына да жаңа бастық тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметті полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев атқаратын болды.

Полиция полковнигі Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарады.

Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің түлегі. Мамандығы - заңгер. Жедел-тергеу бөлімдерінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар полицей. ОҚО ІІД Анықтау басқармасы және Қазығұрт аудандық полиция басқармасын басқарған. Одан кейін Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. ҚР ІІМ медальдары және грамоталарымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар