+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Түркістан ірі ұлттық қолөнер орталығына айналады

2020 жылғы 20 қазан 08:33
Бөлісіңіз:
Түркістан ірі ұлттық қолөнер орталығына айналады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Kazakh Tourism» ҰК АҚ бастамасымен Түркістан облысы туризм басқармасының қолдауымен қолөнер өнімдері арқылы өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптесіне айналдыру керек - Көшербаев Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды

Іс-шараны Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева ашты. Басқосуға «Kazakh Tourism» ҰК АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлы, «Атамекен» ҰКП Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Олжас Жансеитов, «Aigul line» брендінің негізін қалаушы, Qazaq-Oner қолөнершілер орталығының басшысы Айгүл Жансерікова, БҰҰДБ өкілдері және жергілікті қолөнершілер қатысты.
Гүлмира Ахбердиева қолөнер және кәдесый өнімдері арқылы аумақтық брендинг мәселесін қозғады. Ол өңірге келетін туристердің қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен мәдениетінің бір бөлігін өзімен бірге алып кеткісі келетіндігін атап өтті.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда қолөнердің рөлі ұлттық мәдениеттегі көп ғасырлық қолөнер тарихына қарамастан, көлеңкеде қалып отыр. Көбінесе, қолөнер шеберлері өз күш-жігерін өндірістік аспектілерге ғана жұмсап келеді.
Ежелден қолөнер орталығы болып саналатын тарихи шаһардағы ұлттық қолөнерді дамыту, Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталығына айналдыру бағытында жүйелі жұмыстар жүруде.


Осы орайда, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен туризм субъектісі ретінде қолөнершілікті дамытуды кешенді зерттеу жобасы аясында елімізде өнімді өткізу, ілгерілету, өткізу алаңдарын құру бойынша мәселелерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, шара барысында «Aigul line» брендінің негізін қалаушы Айгүл Жансерікова «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық бұйымдардың өндірісімен қатар, оны сатудың жаңа бағыттарын табуды ұсынды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT