Turkistan Invest төрағасының орынбасары 3 жыл 6 айға сотталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Turkistan Invest» Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары А.Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Телеграм-арнасы нда жазылғандай, Түркістан қалалық сотының үкімімен сотталушы орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады.

«Ол «Композит Групп Казахстан» ЖШС басшылары С.Конусов пен А.Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танып, пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар