+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Түркістан халықаралық әуежайы қолданысқа қашан беріледі

2020 жылғы 23 қаңтар 11:06
Бөлісіңіз:
Түркістан халықаралық әуежайы қолданысқа қашан беріледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінен түркиялық «YDA Group» компаниясы халықаралық әуежайдың құрылысын жүргізуде. Қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында инвестордың 302 құрылысшысы мен 102 арнайы техникасы жұмылдырылған. Бүгінгі күні әуежай терминалының іргетасы аяқталып, ұшып-қону жолағына қажетті құмды-шағал тасты қоспаның бірінші қабаты төселуде. Сондай-ақ, рульдеу жолы мен перронның жұмыстары аяқталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, әуежай жалпы 900 гектар аумақты қамтитын болады. Онда терминал, ұшып-қону жолағын және басқа да нысандарды салу жоспарланған. Халықаралық әуежай 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде. «YDA Group» компаниясының басқарма төрағасы Арслан Хусейннің айтуынша, Түркістан халықаралық әуежайы әлемдік стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынуда. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.

«Айта кетерлігі, Түркістан қаласында жаңадан салынып жатқан халықаралық әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым. Әуежай жолын толығымен 2020 жылдың қыркүйек айында аяқтау көзделуде», - деді әкімдіктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT