+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды

2021 жылғы 25 ақпан 01:01
Бөлісіңіз:
Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан шаһары Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды. Бұл туралы қала әкімдігі ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ұйымға мүше болу арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан сайын арттыра түспек.

Сондай-ақ, күн сайын көркейіп келе жатқан шаhардың қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды.

Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді.

Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын.

Ұйым - дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес.

Өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады.

Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT