Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, діни сипаттағы әдебиеттерді заңсыз пайдалану дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары қала базарларының бірін тексеру барысында діни мазмұндағы үш кітапты тәркіледі. Дүкеннен алынған әдебиеттер сараптамаға жіберілді.

«Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша тіркеліп, тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар