Түркістан әуежайы жолаушыларды ұлттық күймен қарсы алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан Халықаралық әуежайында мерекелік шара өтті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов пен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Тасов жолаушыларды мерекемен құттықтады.

Шара аясында әуежайда ұлттық күйлер күмбірлеп, әннен шашу шашылды. Сондай-ақ, мекеменің үздік қызметкерлері марапатталды. Әуежайға келген жолаушыларды өнерпаздар ән-күймен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Түркістан Халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні іске қосылып, алғашқы әуе рейсін қабылдаған болатын. Бүгінде әуежайда жалпы 16 бағытта ұшақтар қатынайды. Оның 3-і халықаралық, 13-і республикаішілік рейстер. Жаңа әуежай арқылы 1 жыл ішінде 300 000 жуық жолаушы ұшақпен қатынаған.


Соңғы жаңалықтар