Түркістан: Армандар орындалатын қала

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанға сапар кез келген туриске жарқын әсер сыйлайды. Қайда қарасаңыз да – мейірімді, күлімсіреген адамдар. Үздіксіз салынып жатқан қала. Үйлер, қонақ үйлер, кеңселер. Мұнда бақыт үшін қажеттінің бәрі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнда таң атысымен ұлттық музыкамен бірге ойнайтын субұрқақтар бар. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тілек тілеп, киелі ғимаратты көруге болады. Аспанда қалықтап тұрғандай көрінетін театрды да жақыннан көру керек.

Ерекше дәмді тағам. Самауыр шайы. Кәуап пен самса. Барлығы махаббатпен дайындалады. Сонымен бірге, қонақтар тілектер құдығына бара алады. Шелекті түсіріп, бұлақ суын ішсеңіз болғаны, сіздің тілегіңіз міндетті түрде орындалады.

Түркістан қонақтары бірегей Farab кітапханасына да кіре алады. Мұнда сіз тек кітап оқып қана қоймай, 3D принтерде көшірмеңізді жасай аласыз. Немесе музыка жаза аласыз. Бұл – Орталық Азиядағы толық циклді жалғыз кітапхана.


Оркестрлік шұңқыры бар драма театры Түркістанда 5 қыркүйекте өз жұмысын бастайды және премьера көрсетеді. Ал әзірге жас әртістер бірден бірнеше қойылым дайындайды.

Түркістандағы Оқушылар сарайына кіруді де ұмытпаңыз. Жас жеткіншектер мұнда қолөнер бұйымдарын жасайды, сурет салуды және шахмат ойнауды үйренеді. Компьютерлік сауатынарттырады. Мұғалімдер өз жұмысын жақсы көреді және өз шәкірттері туралы асқан қызығушылықпен айтады.

Этноауылда серуендеу де өте қызықты болмақ. Мұнда садақ атуды үйренуге болады. Сондай-ақ, жақында қолөнершілердің қалай жұмыс істейтінін де көруге болады. Қонақтар саздан ыдыс жасауды үйренуі мүмкін. Демалыс күндері ұлттық костюмдегі жас сұлулар би билейді және ән айтады. Бұл бүкіл отбасы үшін тамаша демалыс орны болмақ.


Әрине, Керуен сарайына баруды да ұмытпаңыз. Онда Қыз Жібек пен Төлегеннің махаббат туралы аңызын, от элементтері бар су шоуын тамашалаңыз. Күндіз жайлы кафелерде отырып, сәнді дүңгіршектерде сауда-саттық жасауға болады. Судың жанында отырып жай ғана армандаңыз. Түркістанда барлық арман орындалатын тәрізді.


Соңғы жаңалықтар