«Түркістан Арена» халықаралық УЕФА категориясын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Түркістан Аренада» жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша УЕФА аталған стадионға халықаралық II дәреже беру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Түркістан стадионы келесі матчтарды қабылдай алады:

– УЕФА Чемпиондар лигасы, УЕФА Еуропа лигасы және УЕФА Конференция лигасының 1, 2, 3 іріктеу кезеңдерінің ойындары;

– Жастар құрамалары (U-21) арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері;

– Әйелдер құрамалары арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу және финалдық кезеңдері.


Фото: gov.kz
Соңғы жаңалықтар