Түркістан әлемдік деңгейдегі шеберлер орталығына айналады - Өмірзақ Шөкеев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялық дамуының 4 бағытын айқындалған. Идеологиялық ұстанымның Бірінші басымдығына сай - осы қалаға келген адам күллі Қазақ мемлекетінің басынан өткен тарихи оқиғалардан мағлұмат алатындай болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, облыс орталығына келген туристер киелі жерлерге зиярат етіп қана қоймай туристік бағыттарды насихаттайды.

«Түркістанда әлемдік деңгейдегі шеберлер орталығы болуы керек. Қаладағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты әлемде теңдесі жоқ сәулет туындыларын, көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін, шеберлік құпиялары мен қолөнер технологияларын сақтау, нығайту және жаңғырту үшін жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, бұрын Түркістан тоғыз жолдың торабында орналасқан ірі сауда орталығы болған. Бүгін де бұл қаланы ірі сауда, өнер, туризм орталығына айналдырудың кешенді тетігін дайындауымыз қажет. Заманауи қол өнер цехтары, қыш-шыны индустриясы, тері өңдеу мен түскиіз фабрикалары, кілем тоқу өнімдері Түркістанның және Ясауидің кескіні мен келбетін насихаттайтын орталықтарға айналуы керек»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Аймақ басшысы сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу тетігі мәдениет, өркениет, сауда, сәулет, қолөнер, музыка сияқты салаларды қайта жаңғыртудан басталатынын атап өтті.
null

«Кеше тарихи Ұлы Жібек Жолы да осы Түркістаннан өткен болса, бүгін де сол жол жалғасып келеді. Қожа Ахмет Ясауи - жалпы түркі руханияты кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, исламдық құндылықтар негізінде ғылымның моральдық-этикалық арнасы мен үлгісін көрсетіп кеткен тарихи тұлға. Ясауидің артына қалдырған өшпес мұрасы оның еңбектерінде жатыр. Осы мақсатта Қожа Ахмет Ясауидың Түркия, Өзбекстан, Иран, Индонезия және Еуропа елдеріндегі шәкірттерінің басын қосатын симпозиум ұйымдастыру жоспарда бар»,- деді облыс әкімі.

null

Соңғы жаңалықтар