ТҮРКІСОЙ жастар камералық оркестрі түрік қалаларын гастрольдік сапарлармен аралап шықты

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат- Қазақстан Республикасының Халықаралық мәдени жақындастықтың онжылдығы (2013-2022) туралы ұсынысы ЮНЕСКО-ның бас конференциясында қолдау тауып, кейін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясында қабылданған резолюция бойынша бекітілді.

Бұл бағыттағы көзделген жұмысты іске асыру мақсатында ТҮРКІСОЙ-дың бас хатшысы Д. Касеиновтің бастамасымен жастар камералық оркестрі құрылды.

ТҮРКІСОЙ ұйымының құрамына 10 түркітілдес республикаларының және аймақтарының өкілдері кіреді. Олар: Қазақстан,Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан сонымен қатар, Ресейдің бірқатар республикалары Татарстан мен Башқұртстан және жобада бірінші рет РФ-ның құрамымен Хакасия мен Саха (Якутия) сынды республикалар ұсынылған.

Түрік еліне сапарға аттану үшін музыкалық оркестрге тек қана 2 апта дайындық уақыты жеткілікті болған.

Жаңадан құрылған талантты жас орындаушыларды басқару міндеті белгілі қазақ маэстросы Анвар Акбаровқа тапсырылған. Оның басқаруымен жүргізілген МКО ТҮРКІСОЙ-дың бірінші қойылымы Түрік-жапон қорының концерттік залында өтті.

ТҮРКІСОЙДЫҢ 20 жылдығына сәйкес қойылған бұл концерт қазақтың әйгілі сазгері, КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаевтың (1913-1960) 100 жылдығына арналып қойылды.

2010 жылдан бері қазіргі уақыт аралығына дейін ТҮРКІСОЙ жастар камералық оркестрі 6 рет жиналып, Түркия, ТРСК, ЕС, АҚШ елдерінде 27 концертін берген болатын. Және олардың әрбір қойылымдары жаңаланған репертуар мен жаңа құрамда өтті.

Соңғы жаңалықтар