ТҮРКІСОЙ ұйымының дәстүрлі Опера күндері Күләш Байсейітованың 100 жылдығына орайластырылып ашылды - Ыстамбұл

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Бүгін Ыстамбұлда Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының дәстүрлі өткізілетін Опера күндері  Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл толуына байланысты орайластырылып ашылды.

Бүгін Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі Опера бас басқармасы Ыстамбұл мемлекеттік опера және балет оркестрінің қостауымен Ыстамбұл Кадыкёй әкімшілігінің Süreyya операсында, 29-30 мамыр аралығында ТР Солтүстік Кипр Гирне қаласының  Bellapais Manastırı-сында өнерсүйер тыңдармандарымен қауышатын болады.

Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының бастауымен және ТР мәдениет министрлігі Опера бас басқармасы, Ыстамбұл қаласының Кадыкёй әкімшілігінің, ТР Солтүстік Кипр мәдениет және туризм министрлігінің бірігіп ұйымдастыруымен ашылған 15-ші ТҮРКІСОЙ Опера күндеріне Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Украина, Қырғызстан сияқты жалпы саны 8 мемлекеттен 14 сазгер қатысуда.

Атап айтқанда, Қазақстаннан Амантай Ыбраев (лирик-драма баритон), Балапан Жұбаева (лирик сопрано), Нарұл Тойкенов (тенор), Әсел Тарабцева (пианист-концертмейстер) өз өнерлерін көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар