ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейінов Түркия Премьер-министрінің орынбасары Б. Аталаймен кездесті

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Анкарада Халықаралық Түркі мәдениет ұйымының (ТҮРКІСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бешир Аталаймен кездесті.

Д.Қасейінов ТҮРКІСОЙ ұйымының қызметіне байланысты ұйымдастырылған бұл кездесуде Б.Аталайға министрліктің ТҮРКІСОЙ-ға көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.

 Министрліктің Таныту қорының тікелей қолдауымен өткізілген Кероғлу операсы, АҚШ-та Наурыз мерекесін атап өту  сияқты үлкен көлемдегі атқарылған іс шараларды атап өтіп, Қасейінов  ТҮРКІСОЙ-дың Түркі мәдениетін әлемге таныту мақсатында атқарылған тиімді жұмыстары жайлы мәлім етті.

Сондай-ақ 2012 жылдың 24 наурыз күні Ислам білім, ғылым және мәдениет ұйымының қолдауымен ISESCO Орталығы Рабат қаласында Наурыз мерекесінің тойланатынын айтты.

Б.Аталай ТҮРКІСОЙ ұйымының халықаралық ынтымақтастықты күшейту жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдіре отырып, бұл ынтымақтастық аясында ТҮРКІСОЙ-дың халықаралық аренада маңызды орын алғанын айтып өтті.

Түркия Премьер министрінің орынбасары БҰҰ ның бастамасымен және Түркия мен Испанияның тең төрағалық ететін Мәдениеттер одағында да басқарма қызметін атқаратындығын айтып, бұл тұрғыда халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының атқарылған бүкіл жұмыстарындағы орасан зор еңбегі үшін Д.Қасейіновке алыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар