ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Д. Қасейінов «Түркі мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» марапатына лайық деп танылды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі мәдениетін зерттеу ұйымының 2011 жылғы «Ауыз әдебиеті Оскары» марапатына лайық деп танылды.

Бұл марапаттау рәсімі   1981-ші жылдан бері өткізіліп келеді.  

1955 жылы профессор, доктор Мехмет Фуад Көпрулу және сол кезеңдегі университет ұстаздары тарапынан құрылған Халық мәдениетін зерттеу ұйымы түркі халықтары мәдениетін жинақтаумен және сараптаумен, сондай-ақ Түркия аумағында және басқа да жерлердегі түркі халық мәдениеті жайлы зерттеулерді бақылап, табысты еңбектер жасаған адамдарды және ұйымдарды марапаттаумен айналысады. 

Түркия Жазушылар одағының орталығында өткізілген «2011 жылғы ауыз әдебиеті Оскары» деп аталған марапаттау кешінде бірқатар танымал тұлғалар марапатталды.

Соңғы жаңалықтар