ТҮРКІСОЙ Тұран Язганға Құрмет медалін тапсырды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Түркі мәдениетінің зерттелуі, дамуы, танылуы және келешек ұрпаққа жетуі үшін қызмет жасап келе жатқан халықаралық ТҮРКІСОЙ ұйымы, Түркі дүниесінде мәдениет, өнер және білім салаларының дамуына атсалысып жүрген азаматтарға өз ризашылығын білдіру үшін және олардың қызметтері қоғамда кеңінен таралуы үшін «ТҮРКІСОЙ Құрмет медалін» тағайындады.

Осындай медальмен Түркі дүниесінің білім, мәдениет және өнер салаларында ұзақ жылдар бойы тынбай еңбек еткен құрметті профессор, доктор Тұран Язган марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Эртуғрул Гүнай және ТҮРКІСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты.

Д.Қасейінов: «Профессор, доктор Тұран Язган Түркі әлеміне танымал және құрметті азамат. Язган мырзаға ешқандай сый-сияпаттың, марапатаудың қажеті жоқ екендігі баршамызға мәлім. Сондай-ақ ол, президенттік және басқа да көптеген марапаттардың иесі. Алайда, бүкіл түркі әлемі атынан оған өз ризашылығымызды білдіруді жөн көрдік. ТҮРКІСОЙ-ды және Тұран Язганды тиісінше бағалай білген құрметті министр Эртуғрул Гүнайға да өз алғысымды айтамын», - деп атап өтті.

Өз сөзінде Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі, Тұран  Язган Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстанда түрік тілін ақысыз үйрететін лицейлер, түрік тілі бөлімдерімен қоса менеджмент және халықаралық қатынастар факультеттерінің ашылуына себепкер болғанын және Түркі Дүниесі зерттеулер қоры мыңдаған адамға түрік тілін үйреткенін, үйретіп келе жатқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар