ТҮРКІСОЙ тарапынан жарияланған Мирза Фатали Ахундов жылының ашылу салтанаты өтеді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКІСОЙ) бай түркі мәдениеті мен өнерін таныту, кеңінен тарату және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында халықаралық көлемде мәдени іс-шаралар ұйымдастыратын мәдени ұйым.

1993 жылы Түркі тілдес мемлекеттердің мәдениет министрлері тарапынан құрылған ТҮРКІСОЙ Наурыз мерекесі, түркі дүниесінің суретшілері, мүсіншілері, ақындар және әдебиетшілерінің кездесуі сияқты шаралармен қатар, көрмелер, концерттер, театр және опера фестивальдарын, ғылыми симпозиумдарды ұйымдастырып келеді.

ТҮРКІСОЙ түркі дүниесі мәдени өнеріне өшпестей із қалдырған қайраткерлерінің шығармашылықтарын сақтап қалу, келешек ұрпаққа жеткізу үшін қызмет етуде. Осы мақсатта 2010 жылы  ТҮРКІСОЙ тарапынан Зеки Валиди Тоған жылы деп жарияланды. ТҮРКІСОЙ-ға мүше мемлекеттерде жыл бойы іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл қызметтердің табысты нәтижесін ескере отырып, ТҮРКІСОЙ тарапынан Ғабдолла Тоқайдың 125 жылдығына орай,  2011 жылды Тоқай жылы деп жариялады.  2011 жылы Түркия және түркі дүниесінде Ғабдолла  Тоқайға  қатысты әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атақты әзірбайжан жазушысы, қоғам қайраткері, философы Мирза Фатали Ахундовтың 200 жылдығына орай ТҮРКІСОЙ тарапынан 2012 жыл Ахундов жылы деп жарияланған болатын.

Мирза Фатали Ахундов жылының ашылу салтанаты 26 қаңтар күні Түркия Республикасының мәдениет және туризм министрі Ертуғрул Гунай мен Әзірбайжан Республикасы мәдениет және туризм министрі Абулфас Гараевтың қатысуымен ТҮРКІСОЙ бас хатшылығында ұйымдастырылады.

Бұл жиында ТҮРКІСОЙ-дың қызметін жұртшылыққа жариялау жолында еңбек сіңірген БАҚ өкілдері  марапатталады.

Жыл сайын өткізілетін БАҚ қызметкерлерінің ТҮРКІСОЙ тарапынан марапаттау салтанатына Түркиядан және түркітілдес мемлекеттерден БАҚ  өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар