ТҮРКІСОЙ-ға 20 жыл: Түркі жұртының рухани ордасы

None
None
АНКАРА- ЫСТАМБҰЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік өркениет тарихында түркі әлемінің рухани мұрасының алар орны өте зор әрі ол жаһандық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ежелден-ақ түбі мен тамыры бір түркі халықтары өзара тығыз байланыста болған.
Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы - ТҮРКІСОЙ биыл өзінің 20 жылдың мерейтойын кең ауқымда атап өтуде. Түбі бір түркі жұртының ортақ материалдық және мәдени игілігін сақтап, дамыта отырып, болашаққа ұрпаққа аманат етуді көздеген түркітілдес елдердің халықаралық ұйымы өзінің бастауын 1992 жылдың ішінде Бакуде және Ыстамбұлда өткен Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түркіменстан мәдениет министрлерінің кездесулерінен алады. Сол кездесулерде еуразиялық кеңістіктегі түркі мәдениетінің қайнарларын бірлесе дамыту үшін ынтымақтасуды көздеген бұл жоба 1993 жылғы 12 шілдеде Алматыда Түркі мәдениеті мен өнерін бірлесе дамыту ұйымын құру жөнінде келісім жасады. (ТҮРКІСОЙ атауы түріктің Türk Kültür ve Sanatları Ortak Yönetimi деген сөздерінің аббревиатурасынан алынған). 1996 жылы ТҮРКІСОЙ мен ЮНЕСКО ресми ынтымақтастығын бастап, бірлескен консультациялар өткізді және өзара өкілдіктерін ашты. 2009 жылы ұйым қазіргі атауына ие болды. Сол жылы ТҮРКІСОЙ Қазақстан Президентенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылдың 3 қарашасында құрылған түркі елдерінің геосаяси ұйымы - Түркі кеңесінің құрамына кірді. Бүгінде ол 14 түркіәелдерін біріктіреді. Алғашқыда оның құрамында Әзіәрбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикғасы Түркіменстан, Түрік Республикасы және Өзбекстан Республикасы болса, кейіннен ТҮРКІСОЙ шартына бақылаушы ретінде Башқұртстан, Татарстан, Тыва Республикасы, Хакасия Республикасы, Алтай Республикасы, Гагауз облысы, Түркік Республикасының құрамындағы Солтүтік Кипр, Саха Республикасы (Якутия) қосылды. ТҮРКІСОЙ ішкі және сыртқы саясатына, мемлекеттік құрылымдардың саяси бағытына қарамастан, түркітілдес елдердің мәдениет және өнер саласындағы аймақтық достастығын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты әлемдік қоғамдастыққа тамыры тереңде жатқан түркі әлемнің рухани байлығын таныстыру болмақ. Өзіінң қызметтік бағыты бойынша ТҮРКІСОЙ ЮНЕСКО құрылымымен үнлдес. ТҮРКІСОЙ-дың бас дирекциясы Түрікияның астанасы - Анкарада орналасқан, ресми тілі - түрік тілі. ТҮРКІСОЙ- дың Жроғарғы басшылық органы - түркітілдес елдер мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі. Алғашқы жылдары оған Әзірбайжан Республикасының мәдениет министрі, белгілі өнер қайраткері Полат Бұлбұлоглы басшылық жасаған болса, кейінгі жылдары өз алдына дербес құрылым ретінде оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дүйсен Қасейінов басшылық етіп, Бас хатшы міндетін атқаруда. ТҮРКІСОЙ қызметі әрқашан да түркітілдес елдер Мемлекпет басшыларының ұдайы қолдауына ие болып келеді. 1994 жылдан бастап түркітілдес мемлекеттер басшылары саммиттерінің қорытынды құжаттарында Ұйымның дер кезінде құрылуы және оң маңызы, оның Түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде дамытып, таратудвағы рөлі атап көрсетілді. Ұйым мүше-елдерінің ортақ күш-жігерімен түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мұраларын қорғау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, бірегей тарихи-мәдени, сәулеттік және археология ескерткіштерін, түркі халықтарының мәдениетіндегі маңызы зор фольклорын, дәстүрлері мен салт-санасын зерделеуде жемісті жұмыстар жүргізілуде. Мәсеолен, Қазақстанда жүзеге асырылып отырған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымды археологиялық зерттеулер жүргізуге, маңызды тарих пен мәдениет ескерткіштерін жаңғыртуға жол ашты. Соның нәтижесінде ғылыми айналымға түскен көптеген жәдігерліктер Орталық Азияны мекендеген түркі тайпаларының тарихымен ұштасып жатыр. Түркі халықтарының материалдық мәдениет, жазуларын зерделеу мақсатында Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Мысырға, Өзбекстанға, Арменияға және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-іздестіру экспедициялары ұйымдастырылды. Бұрын Ұйым елдерінің ғылыми ортасына белгісіз болып келген көптеген қолжазбалар, түркі халықтарының тарихына, өнерііне қатысты баспа басылымдары табылып, түркі мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан сүбелі жәдігерлері ортамызға қосылды. Моңғолия мен аАтай аумағына жүргізілен экспедициялардың нәтижесінде Тоныкок пен Білге қағанға, Күлтегінге қатысты сына жазулары бейнеленген ежелгі балбалтастар табылды. ТҮРКІСОЙ-дың Ыстамбұл саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұйымды түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы дәрежесіне көтеріп, оның өкілеттігі мен қызмет салаларын кеңейту қажеттігін айтқан болатын. Бұл орайдағы нақты қадам Қазақстанның Ұлт көшбасшысының бастамасымен Астанада ашылған Түркі академиясы болды. Түркі әлемінің бірігіп, топтаса түсуінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегі түркітілдес елдер басшыларының тарапынан мойындалып отыр. Бір сөзінде Түркия Президенті Абдолла Гүл Президент Н.Назарбаевты Түркі дүниесінің ақсақалы деп атаған болатын. Өзінің тарих алдындағы жауапты рөлін абыроймен атқара отырып, ТҮРКІСОЙ түркі мәдениетіне қатысты көптеген халықарпалық ауқымды шараларға мұрындық болды. Айталық, Ұйым бастамасымен түркі халықтарының ортақ мерекесі - Наурыз мейрамы Парижде, Ұлыбританияда, Еуропаның көптеген мемлекеттерінде аталып өтілуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы Наурыз мерекесіне халықаралық мәдениет құндылығы мәртебесін берді. Ұйым қызметі аясында қазақ халқының эпикалық ауыз әдебиетінің көрнекті үлгісі «Қыз Жібек» жырының 500 жылдығы, түркі жұртының көптеген елдерінің дастаны «Алмпамыс батыр» жыры халықтарымыздың ортақ құндылығына айналды. «Түркі дүниесінің бесігі - Алтай» халықаралық форумы өткізілді. Егер 2011 жылды түркі дүниесі татар әдебиетінің классигі Ғаблодда Тоқай жылы ретінде атап өткен болса, биылғы жыл қазақтың атақты композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналып отыр, оның «Біржан-Сара» операсының халықаралық таныстырылымы зор табыспен өтті. ТҮРКСОЙ Опера күндері қазақтың әйгілі композиторы Мұқан Төлебаевқа арналып, Түркияның Самсун, Орду, Гиресун, Трабзон, Анкара және Гирне қалаларында «Біржан-Сара» операсынан үзінділер орындалды. Егер 2012 жылы Астана қаласы түркі дүниесінің астанасы деп болып жарияланған болса, биылғы жылы бұл эстафетаны Түркияның Ескішаһар қаласы жалғастыруда. Қазақстанның Тараз, Өскемен, Қарағанды қалаларында "Қаратау сарыны" халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі бастау алған болса, ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдығына орай «Түркі дүниесінің ұлттық музыкасы» концерті ұйымдастырырылып, түркі мемлекеттерінің 250-ден астам өнерпаздары, музыканттары, әншілері Түркияның 20 қаласында мерекелік шара өткізді. Әзірбайжан композиторы Узеир Гаджибековтің «Аршын мал алан» опереттасының 100 жылдығы зор табыспен өтті.Франция астанасы Париж қаласында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКІСОЙ) 20 жылдығымен қоса «Аршин мал алан» опереттасы бір сахнада алғаш рет бас қосып отырған Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан әртістерінің қатысуымен қойылды. ТҮРКІСОЙ аясында Абай мен Жамбылдың, мерейтойлары, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 70 және 80 жылдық мерейтойлары, Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 75 жылдығы табыспен өтті. Белгілі түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-конференция ұйымдастырылды. Өзінің өсеиетімен Алматыда жерленген ғалымның атында осы қалада мектеп бар. Ош қаласының 3000 жылдығы, Түркістанның 1500 жылдығы, ауқымды фестивальдар, байқаулар түркі халықтарының мәдени өмірінідегі айтулы оқиғалар болғанын атап өткен жөн. «ТҮРКІСОЙ жұлдыздары» фестивалі алуан дауысты, алуан түрлі түркі сазын әуелеттті. Құрылғаннан бастап-ақ «ТҮРКСОЙ» осынау түркі әлемінің мәдени мұрасын насихаттап, оны сақтау саласында жемісті еңбек етіп келеді. Аталған халықаралық ұйымның бар күш-жігері мен мақсаты бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталады. 20 жылдық мерейтойдың аясында түрлі мемлекеттердің мәдениет пен өнер қайраткерлерінің қатысуымен ірі халықаралық шаралар өтті. Мәселен, Анкарада Түрксойдың уақытша үйлестірушісі, Түрік Республикасы Мәдениет және туризм министрі Өмер Челиктің төрағалық етуімен түркі тілдес елдердің Мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесі өтті. Кезекті 31-жиынға ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер - Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркіменстанның Мәдениет министрлері, сондай-ақ, бақылаушы мемлекеттерден, мәселен, Ресейден-Алтай, Башқұртстан, Татарстан, Тыва, Саха, Хакасия, Гагаузия (Молдова Республикасының құрамында) мен Солтүстік Кипр (Түркия) өкілдері қатысты. Сонымен қатар, кездесуге Түркі Кеңесінің Ақсақалдар Кеңесі, ТүркП, және Түркі Академиясының басшылары мен өкілдері де шақырылды. Жиында ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов халықаралық ұйымның мерейтона орай баяндама жасап, атқарылган шаралар жөнінде хабардар етті. Он сегіз мемлекеттен келген ТҮРКІСОЙДЫҢ дәстүрлі суретшілер кездесуі, он мемлекеттен 22 талантты консерватория студенттерінен құралған ТҮРКІСОЙ жастар камералық оркестрі түркі дүниесінің танымал классикалық шығармарын орындап, бірнеше концерттік бағдарламаларды халық назарына ұсынды. Жыл соңында өтетін Түркі дүниесінің әдебиет журналдарының конгресі сынды шаралар таныстырылды. «Мұндай қызмет тіл мен тарихтың, мәдениеттің ортақтығының арқасында, сондай-ақ, өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде іске асты. Ортақ мәдениеттің негізінде құрылған ТҮРКІСОЙ қазір ешқандай саяси астарсыз, тек халықтар арасындағы достықты нығайту үшін қызмет етіп келеді. Бұл ұйымның абыройын асқақтата түсері сөзсіз. Сонымен қатар, ұйымның сан қырлы жұмысы мәдени алмасу мен тұрақтылықтың орнауына ықпалын тигізеді. Суретшілерден бастап, әнші-күйшілерге дейін, әдебиетшілерден театр әртістеріне дейін - ТҮРКІСОЙ өнердің барлық саласында дамуға көмектеседі. Мәдени байлықпен, біздің ең қымбат байлығымызбен алмаса отырып, біз үнемі дамимыз, кеңейеміз, халқымыз үшін жаңа биіктерге жете береміз», - деді Д.Қасейінов. «ТҮРКІСОЙ» ұйымының жалпы халықаралық ұйым ретінде маңызы мен оның 20 жылдық тарихындағы зор рөлі туралы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері өз лебіздерін білдірді: Жансейіт Түймебаев - Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі : - "ТҮРКІСОЙ ұйымы ең алдымен түркі дүниесінің мәдениетін, оның рухани байлығын бір-біріне таныту үшін өте қажет. Біріншіден, түркі дүниесін өз арасында таныту, ол әлі кемшіл тұсы жағы, екінші мәселе түркі дүниесінің тұтас байлығын, өнерін, әдебиетін, мәдениетін дүниеге таныту. Осы екі салада қалай жұмыс істесе соған байланысты ол бағаланатын болады. Қазіргі таңда ТҮРКІСОЙ өзінің 20 жылдығына үлкен табыспен келіп отыр. Бұл салада көптеген жұмыстар атқарылды. Оның ішінде әсіресе түркі дүниесінің рухани байлығын, өнерін Париж, Нью Йорк, Страсбург сияқты қалаларда көрсеткен шаралары өте маңызды деп есептеймін. Көптеген шаралар өткізіліп жатыр, кітаптар жарияланып, бірнеше тілге аударылып жатыр, фестивальдар ұйымдастырылып жатыр. Әділ Ахметов - Парламент Сенатының депутаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы: - "ТҮРКІСОЙ бұл түркі мәдениетінің басын қосатын мәдени ұйым деп айтуымыз қажет. ТҮРКІСОЙ-дың жалпы атауына үңілетін болсақ, "сой" -"тек" деген сөзді білдіреді. Яғни тегі бір түркі халықтарының мәдени ұйымы. Біздің мәдениетіміз, тіліміз, діліміз және жалпы тарихымыз да ортақ. Бүкіл түркі әлемінің өркениеті Алтайдан тараған. Ол тек қана батысқа қарай емес, сондай-ақ шығысқа да, мұхиттын ар жағындағы Америкаға дейін кеткен болатын. Айта кетерлігі, соңғы кезде Америка мен Ресей генетикалық ғалымдарының ДНК зерттеуі бойынша, американдық үндістердің тарихы мен шығу тегі Алтайға келіп тіреледі. Қазіргі таңда ол гипотеза ғана емес, дәлелденген теорема. ТҮРКІСОЙ-ға келетін болсақ, бұл халықаралық ұйымның қай жағынан алып қарасақ та маңызы өте зор. Адам тұрған жерде мәдениет тұр, мәдениет тұрған жерде тіл, тіл тұрған жерде дін, тарих тұр. Сондықтан ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдық қадамы көп істерге қол жеткізді. "Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді" демекші, басымыз бірігіп жүрсе, болашақ жас ұрпақтың , отанымыздың келешегі үлкен болмақшы. Осы үрдісті әрі қарай жалғастыра берсе, түбі бір түркі халықтары үлкен күшке айналады". Сұлтан Раев - Қырғызстан Мәдениет және туризм министрі: - " ТҮРКСОЙ - бұл түркітілдес мемлекеттердің жақындасуына мүмкіндік туғызатын алаң. Шындығында,, ТҮРКІСОЙ түркітілдес мемлекеттердің рухани бір тірегі, негізгі қаңқасына айналды. ТҮРКІСОЙ түркі дүниесінің ЮНЕСКО-сы деп атауымыз де бекер емес. Түркі дүниесінің мәдени мұрасы өте бай, сондықтан біз бүкіл әлемге түркі халықтарының мәдениеті әлемдік өркениеттің бір бұтағы екенің танытып, көрсетуіміз қажет, бұл бұтақ әрі қарай дамып, өсіп, жетіліп, әлеуметтік қоғамдастыққа өз үлесін қосуы тиіск деп есептеймін". Абульфас Гараев - Әзербайжан Мәдениет және Туризм министрі : - " ТҮРКІСОЙ бізді тек қана біріктірмей сондай-ақ, мәдениеттеріміздің бір-біріміздің арамызда танытып, танысуға мүмкіндік беріп отыр. Бізге ортақ мәдениетімізді алмасып, бөлісу арқасында одан да рухани байыла түсуімузге жәрдемдесіп отыр. Бұл 20 жыл ішінде бірге болған халықтар, келешекте де бірге болады деген үміттемін. Болашақта да ТҮРКІСОЙ-дың қызметі одан әрі дамып, басқа да түркі мемлекеттердің тарапынан қолдауы нығая беруіне тілектеспін. Әзірбайжан өз кезегінде ТҮРКІСОЙ-мен әрдайым бірге жүріп келеді, біз үнемі барлық шараларға белсеңді түрде атсалысуға асығудамыз. Өйткені, ТҮРКІСОЙ түркі халқының бірлігі мен бейбітшілігі үшін жұмыс жасауда". Эртугрул Гюнай - Түркия Республикасының Мәдениет және туризм экс.министрі - " Алдымен біз үшін ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдық мерейтойына қатысу үлкен мәртебе екенін айтқым келіп отыр. Әрине бұл 20 жылдың алғашқы қадамдары оңайға түспегені хақ. Соңғы 5-6 жылдан бері мен ТҮРКІСОЙ-дың қазметі мен,атқарылып жатқан шараларына зейін салып қарап, куә болып жүрмін. Баршамыз үшін ТҮРКІСОЙ-дың халықаралық ұйым ретінде маңызы зор. Құрметті Қасейінов мырза тек ТҮРКІСОЙ-дың бас хатшысы ғана емес, өткенде Қазақстанның мәдениет министрі қызметін атқарған, сонымен бірге талантты, дарынды скрипкашы, шебер, мәдениет қайраткері. Әрине бұл кісінің келуімен ТҮРКІСОЙ-дың қызметі нығайып, дамып, екінші дем алғандай өрби түсуде". ТҮРКІСОЙ-дағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев: " ТҮРКІСОЙ-дың 20 жылдығы, қорытынды бір уақыт, өткен уақытқа есеп беру, болашаққа жоспар жасау сияқты бір кезең. Алғашқы 20 жыл белгілі бір кезең, бірақ бұл біздің, ТҮРКСОЙ-дың ең биік жетістігі емес, себебі ең үлкен жетістігі алда деген ниеттеміз. Түркі халықтарының, түркі мемлекеттерінің ортақ халықаралық ұйымдары, ортақ мәдени және экономикалық кеңістігі енді-енді құрылып жатыр. Осы туыстығымызды әрі қарай дамытуымыз қажет. Енді 20 жылдан кейін қандай бағытта жұмыс жасауымыз керек, қай жерлерде кемшіліктер жіберілді деген мәселелерді қарастырып, ойланып, саралап, болашақта бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Мысалы, мәдени бағытта қаншама жасалатын нәрселеріміз бар. Атап айтатын болсақ, неге түркі халықтарының ортақ журналистердің Одағы неге болмасқа, неге ортақ Жазушылар Одағын ұйымдастырмасқа, түркі мемлекеттердің жалпыға ортақ Театр Одағы болмасқа дегендей, бұл бағытта жасалатын жұмыс әлдеқайда көп.Әрине, бұның барлығы, ең бастысы, түбі бір түркі халықтарымыздың бір-біріне деген достық ниетіне, сеніміне және ұмтылысына байланысты. Қазіргі таңда бұндай ұмтылыс, ниет бар», Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің өкілдері де «ТҮРКІСОЙ» ұйымына өзара мәдени ынтымақтастық саласында табыстарға жетіп, халықтар достығы мен мәдениетін нығайта беруді тіледі. «ТҮРКІСОЙ» ұйымының Тұрақты кеңесін Түркия Президенті Абдулла Гүл қабылдап, Ұйымның 20 жылдығымен құттықтады. Кездесуде осы Ұйымды одан әрі өркендетудің өзекті мәселелері туралы пікір алысылды. . «ТҮРКІСОЙ» ұйымының 20 жылдық тарихында ұйымның қызметі екі қала Астана мен Ескішаһарда қатты күшейді. Мұның басты себебі - түркі әлемінің мәдени астанасын таңдау арқасында. 2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалған Астана жүздеген әртістерді қабылдап, көп шара өткізді. Жыл соңында өткен жабылу салтанатында «ТҮРКІСОЙ» жалауы Ескішаһар қаласына табыс етілді. Үстіміздегі жылы бұл шаһарда мәдени астананың ашылу салтанатын Түрік Республикасының премьер-министрі Тайып Ердоғанның өзі ұйымдастырды. Ал келесі жылы мұндай құрметке Қазан қаласы ие болмақ. Биыл Студенттік ойындар өткізген Қазан 2014 жылы біздің кездесу орнымызға айналады», - деді кездесуде Өмер Челик.
Соңғы жаңалықтар