Turkish Cargo ұшағы Дубайдан Торонтоға әлемдегі ең ұшқыр автомобильді жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Turkish Cargo ұшағы  Дубайдан Канаданың Торонто қаласына әлемдегі ең ұшқыр саналатын Devel Sixteen автомобилін жеткізді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі Turkish Airlines-ке сілтеме жасап.

Құны 2,2 миллион доллар гиперкараны арнайы жүк тасымалдау ережесіне сай эксперттер командасы жүзеге асырды.

Дубайлық Devel компаниясы шығарған автомобиль  техникалық жағынан тым ерекше, көлемі  12,3 литрлік 16 цилиндрлі қозғалтқыштың күші 5 мың аттық және бұл гиперкар сағатына 563 шақырымды артқа тастайды.

Айта кетер жайт, Turkish Cargo әуе компаниясы әлемнің 121 еліне жүк тасымалдайды. 2017 жылы ол Азия мен Таяу Шығыста «Жыл компаниясы» атанған.

Соңғы жаңалықтар