НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қаңтардан бастап «Turkish Airlines» әуе компаниясы Ыстамбұлдан Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
14 қаңтардан бастап Ақтауға, 15 қаңтардан Түркістанға рейсерді қайта ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Алматыға тұрақты рейстерді қайта бастау жоспарлануда.
«Turkish Airlines» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.