Түркілер мен Шыңғыз хан туралы шынайы тарих

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған осынау өрелі істерге үлес қосып жүрген мемлекет және қоғам қайраткері, саясат ғылымдарының докторы Ержан Исақұловпен арнаулы тілшіміз сұхбаттасқан еді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау-19» форумында сөйлеген сөзінде қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәні мен киелілігін, сондай-ақ, бұл қасиетті мекеннің этнографиялық, зияраттық және экологиялық туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өткені есімізде.

Тарихдегенұғымдықарапайымсөзбенөрнектесеколатабабаларымыздыңөмірбаяныболыпшығады. Солардыңтұрмыс- тіршілігі. Өткенжолымыздыбілу - барарбағытымыздыайқындау. ҚазақдаласыҰлыТүркіелініңқарашаңырағыдейміз. СізТүркіқағанатынарнайызерттеп Зәріпбай Оразбай екеуіңіз «Шыңғыз хан» кітабын оқырман назарына ұсынып отырсыз. Бұл Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасында» өткен шара Алтын Орданың 750 жылдығы аясында қолға алынып отырған игі іс екен.
Осытұрғыдаоқырмандарымызға баспадан енді ғана шыққан еңбектеріңіз туралы мәліметберіпөтсеңіз.

- Жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде жазылған, кезінде барлық оқымыстылар мойындаған және «ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты кітабын бүгінгі күні бүкіл әлем жұртшылығы бұдан ақиқат тарихты ешкім жазбаған деп санайтыны белгілі.

Бұл кітапта келтірілген деректердің XIII-XIV ғасырларда Иран мемлекетінде хандық құрған Шыңғыз хан әулетінің қазыналарында аса құпиялықпен сақталған «Алтын дәптер» мен басқа да дереккөздерден алынғаны туралы «Жамиғ ат-тауарихтың» авторы Рашид-ад-Дин өзінің осы еңбегінде бірнеше рет атап өткен.

Аталған кітап әлем жұртшылығына тек XIX ғасырда ғана танымал бола бастаған. Ең алғаш француз және ағылшын тіліне аударылды. 1858-1888 жылдары И.Н. Березин өзінің «История монголов» және «История Чингис-хана» деген екі үзіндісін орыс тілінде жариялаған. 1936-1952 жылдар аралығында СССР Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғалымдары «Жамиғ ат-тауарихты» толығымен орыс тіліне аударған.

Осы аудармалардың нәтижесінде, сол кездерден бері әлем жұртшылығының санасында Шыңғыз ханның шыққан тегі «моңғол» деген ұғым қалыптасқан.

Ата-бабамыздың төл тарихы жазылған «Жамиғ ат-тауарих» қазақ тіліне алғаш рет 2016-2018 жылдары Халықаралық Түркі академиясында ҚР Ұлттық Академиясының академигі Дархан Қыдырәлінің басшылығымен аударылды. Оны аударған араб, парсы және шағатай тілдерінің маманы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар кенесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекетік университетінің аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Жұманұлы Оразбай.

«Жамиғ ат-тауарихтың» қазақшасы мен орысшасын салыстырып зерттеу барысында оның орысша аудармасында өрескел қателіктер мен бұрмалаулардың орын алғаны анықталды. Соның нәтижесінде тайпалардың, адам, жер, тау, өзендер мен көлдердің атаулары мен тарихы адам айтқысыз өзгерістерге ұшыраған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс пен Бұрқан Қалдұн тауларындағы өзендердің алқабын мекендеген түркілердің мұғул тармағынан шыққан Шыңғыз хан мен оның руының атауы «моңғол» деп қате аударылып,мұғулдар мен олардың ежелгі көршілері болған керейлер мен наймандардың ата-мекендерінің орындары бір сәтте аудармашылардың қолымен Ертіс пен Бұрқан Қалдұннан Моңғолия жеріне апарылған, сөйтіп олар «моңғолға» айналған.

Тарихты бұрмалаушылар осы айтқандармен ғана шектеліп қоймай, сол кездегі көне карталарға керекті «түзетулер» еңгізіп, ондағы таулар мен өзендердің, түркі тайпалары мен оның мұғул тармағының мекендерінің орындары мен атауларын сан рет өзгерткен. Олардың осы әрекеттерінің іздерін немістер, шведтер мен орыстардың көне карталары мен кітаптарынан көруге болады.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген «Алтын дәптер» мен Шыңғыз ханның Иранда хандық құрған әулетінің қазыналарында сақталған басқа да деректердің мұғул жазуымен және мұғул тілінде жазылғаны анықталды. Ал оларды өндеп, олардың негізінде «Жамиғ ат-тауарихқа» кірген түркілер мен оның мұғул тармағынан шыққан Шыңғыз ханның шежіресі мен тарихын алғаш мұғул тілінде жазып, дайындаған Болат чинсаң екені белгілі болды. Сонан соң, ол деректерді Рашид-ад-Дин бастаған ғылыми топ өздерінде бар басқа да деректермен қосып парсы тіліндегі «Жамиғ ат-тауарих» еңбегін жазған.

Рашид ад-Диннің айтуынша, түркілер мен оның мұғул тармағының тарихының аса білгірі Болат чинсаң атты бұл ұлы әмір сол кездері Иран мен Тұран әскерлерінің қолбасшысы, әлем мемлекеттерінің басқарушысы болған. Оны кезінде Құбылай қаған Иранға елші етіп жіберген.

Бір өкініштісі, осы айтылған деректер әлі күнге дейін әлем жұртына белгісіз болып келген. Олардың барлығы «Жамиғ ат-тауарихты» қазақшаға аударған соң жүргізілген зерттеу барысында ғана анықталды.

«Жамиғ ат-тауарихтың» қазақшасы бес томнан тұрады және оның таралымы өте аз. Кітап ортағасырларда қалыптасқан ерекше жазба стилінде жазылған, ондағы келтірілген деректер мен оқиғалар тым шашыраңқы болып берілген, оларды есте сақтап, ой елегінен өткізіп қорытынды жасауға біршама уақыт керек.

Осылардың бәрін ескере отырып, біз «Жамиғ ат-тауарихтағы» түркілер мен оның мұғул тармағына қатысты ең маңызды деректерді іріктеп алып, олардың негізінде «Шыңғыз хан» деген кітап жазып, оны бүгінде оқырмандардың назарына ұсынып отырмыз.

- Өзіңіз айтқандай, аталған кітапқа «Жамиғ ат-тауарихта» келтірілген түркілер мен оның мұғул тармағына қатысты ең маңызды деректерді іріктеп алып, кітап соның негізінде жазылғанын ойлы оқырмандарыңызбен бөлістіңіз. Осы туралы кеңінен тоқталсаңыз.

– Кітапқа «Жамиғ ат-тауарихта» келтірілген деректерден басқа XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намасы» мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты туындыларынан түркі және мұғул тайпаларының пайда болған уақыттары туралы, түркілердің мұғул тармағынан шыққан Шыңғыз ханның шежіресі Нұх (а.с.) пен Адам (а.с.) атаға тірелетіні жайлы, Әмір Темірдің Шыңғыз ханға өте жақын аталас туыс екені, 1269 жылы Шыңғыз ханның Қайду хан атты немересінің бастамасымен шақырылған Талас құрылтайының шешімімен құрылған Моғолстан және Алтын Орда мемлекетерінің Керей мен Жәнібек сұлтандар 1465 жылы құрған Қазақ хандығымен ұштасатыны жөніндегі өте құнды және тың деректер қосылды. Кітап қазақ халқының рухани жаңғыруына, әсіресе, біздің жастарымыздың рухын көтеріп, олардың елдің жарқын болашағы жолында жан аямай атсалысуына зор ықпал етеді деп ойлаймыз.

Сонымен қатар жоғарыда айтылған қателіктер мен бұрмалауға қатысты XVII-XXI ғасырларда шыққан неміс, шведтердің және орыстардың көне карталары мен кітаптарынан бұлтартпайтын деректер келтіріліп, оларға тиісті түсініктемелер мен қосымшамалар берілді.

Аталған кітаптың тусаукесері осы жылдың 27 қарашасында ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының ғимаратында Шоқан Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология институтында» отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен болған онлайн видеоконференция түрінде өтті. Онда ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті М.Жұрынов, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Кулекеев бастаған отандық және шетелдік ғалымдар кітаптың тұсаукесеріне құтықтауларын айтып, өзпікірлері мен нақты ұсыныстарын білдірді.

- Кітаптың тұсаукесерінде көрнекті тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелді: «осы күнге дейін осындай кітапқа біздің қолымыз жетпей келді. Жалпы, Ержан Исақұлов пен Зәріпбай Оразбайдың тандемі бізге үлкен-үлкен кітаптарды алып келді. Қазақ тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытуға мүмкіндік беретін еңбектер жазуда. «Шыңғыз хан» кітабын «Жамиғ ат-тауарихтың» жалғасы деуге болады. Өйткені ішінде «Жамиғ ат-тауарихта» айтылатын қазақ тарихына тікелей қатысы бар ру-тайпалардың тарихы жүр. Біздің тарихымыз үшін бұл үлкен жетістік. Мұны халқымыздың тарихи танымының кемелдікке қадам басқанының көрінісі деп бағалар едім, – деді. Сол конференция барысында қатысушы өзге де ғалымдар пікір білдіріп, кітаптың кейінгі ұрпаққа берер пайдасы мен тарихи тұрғыдағы маңызын саралады. Еңбегіңіздің жоғары бағалануына кітаптың мазмұны мен қазіргі күнгі қажеттілікке орай шығуы да құптарлың іс екен.

- Ұлы даланы мекендеген түркілер мен олардың даңқты перзенттері ежелгі заманнан бері адамзат тарихына тегеурінді ықпал жасап, бүкіл Еуразия құрлығын бір уысында ұстап, оның өркениетіне өшпес із қалдырғаны белгілі. Қазақ халқы өзінің түбі «түркі» екенін жақсы білгенімен, сол түркілердің қайдан жəне қашан шыққанын біле бермейді. Оның негізгі себебі − тəуелсіздігімізді алғанға дейінгі төрт ғасырға жуық уақыт тоқтаусыз соғыстармен өтті, отаршылдар мен Кеңес үкіметі халқымызды жойып жіберуге тырысып, қолдан ашаршылық жасап, еліміздің зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, әліпбиімізді бірнеше рет өзгертіп, халқымыздың жады мен тарихын барынша бұрмалауға бағытталған саясат жүргізді. Сондықтан «мың өліп, мың тірілген» халықтың тарих сахнасынан жоғалып кетпей, қысқа мерзімде есі мен етегін жиып, іргелі мемлекет құрып, əлемге танылып, болашағына нық сеніммен қарайтын елге айналғанына шүкіршілік етеміз. Енді, міне, егемендігіміздің арқасында, жоғалып, шашылып ұмыт болған, сан рет бұрмаланған тарихымызды түгендеп, ондағы ақтаңдақтардың орнын толтырып, жаңғыртатын кезеңге де қолымыз жетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бұл мəселелерді шешуге бастамашылық жасап, өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, халқымыздың санасын оятатын, ата-бабаларымыздың тарихына тікелей бет бұрғызатын, түркілердің адамзат өркениетіне қосқан үлесі мен орнын анықтауға арналған, «Рухани жаңғырудың» жалғасы болып табылатын бағдарламасын жариялады.

Бұл кітапта Ұлы далада ежелгі заманнан бері өмір сүріп, тіршілік еткен түркі тайпаларының, солардың қатарында кейіннен қазақ деп аталған халықты құраған ру-тайпалардың шығу тегі, дамуы, тіршілігі, тарихы, өмірлік сал-дәстүрлері, мекенжайлары мен атақоныстары, оларға қатысты елеулі оқиғалар, түркілердің мұғул деген тармағынан шыққан Шыңғыз хан мен оның аталас туысы Әмір Темірдің шежірелері, олардың атабабаларының тарихы жазылған. Оларға қатысты түсініктемелер беріліп, тарихтың бұрмаланған тұстары нақты дәлелдер арқылы көрсетіліп, тың деректер келтірілген.

Осы ретте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Халықаралық Түркі академиясында жарық көріп, 2018-2019 жылдары оқырманға жол тартқан Рашид ад-Дин Хамаданидің «Жамиғ ат-тауарих» (Тарихтар жинағы) мен Шараф ад-Дин Али Йаздидің «Зафанама» (Әлемді жеңіп алушының тарихы) атты кітаптарының рөлі ерекше болады деп ойлаймыз. Жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде шыққан, кезінде əлем оқымыстылары мойындаған жəне «ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған «Жамиғ ат-тауарих» кітабында түркілер тарихы мен олардың арасынан шыққан әлем билеушісі Шыңғыз хан мен оның ұрпақтары құрған алып империя туралы аса маңызды мəліметтер мен өте құнды деректер келтірілген. Өкінішке қарай, ол деректерді біздің халқымыз осы күнге дейін білмей келген. Оның себебі жоғарыда айтылған «балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен заманның, отаршылдық пен тоталитарлық саясаттың нəтижесі екені белгілі. Бұл жерде айта кететін тағы бір мəселе – түркілердің тарихы жазылған осындай аса құнды кітапты бізге дейін ана тілімізге ешкім аудармаған. Ал, «Жамиғ ат-тауарихтың» орысша аудармасында қателер мен бұрмалаулар өте көп кездескенін жоғарыда айтып өттім. Осы тақырыптың төңірегіндегі тарихи шындықты анықтау мақсатында біздің жасаған əрекеттеріміз нəтижелі болды деп ойлаймыз. Алдымен біз «Жамиғ ат-тауарихтың» халықаралық қарым-қатынас тілдеріне (француз, ағылшын, орыс жəне қытай) аударылған нұсқаларымен таныстық. Салыстырып көргенде, олардың бір-біріне ұқсамайтынына, олардың арасында үлкен айырмашылық бар екеніне, əрбір аударма əртүрлі нұсқалардан аударылғанына жəне олардың толық емес екеніне көзіміз жетті. Ең бастысы – «мұғул» сөзінің «моңғол» сөзіне айналып кетуінің саясаттан басқа да себептерін таптық. Ол – көпшілік біле бермейтін, парсы және араб тілдері əліппесінің өзгешеліктеріне жəне түркі тіліндегі сөздердің парсы тілінде айтылуы мен жазылуындағы өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып шықты. Жоғарыда аталған тілдерге аударылған «Жамиғ ат-тауарих» кітабының нұсқаларында (көшірмелерінде) парсы əліпбиіне тəн «ч, г, ж, п» əріптері мен арнайы сөздерді дəл оқу үшін қолданылып жазылатын арнайы «замма, фатха, касра, сүкун» деген белгілердің болмағаны дəлелденді. Аталған зертеулердің нәтижесінде, түркілердің шынайы тарихы жазылған парсы тіліндегі «Жамиғ ат-тауарихты» қазақ халқы өзінің ана тілінде оқуы керек деген шешімге келдік. Ізденісіміз сәтті болып, «Жамиғ ат-тауарихтың» парсы тілінде жазылған түпнұсқасының дəлме-дəл көшірмесі болып табылатын, 1994 жылы Тегерандағы «Ал-Барз» баспасында басып шығарылған 4 томдық кітапты Иран мемлекетінің Ұлттық кітапханасынан таптық, оны елге алып келіп, қазақшаға аудардық. Кітаптағы əрбір сөзді, сөйлемді, деректерді, жер, су атаулары мен адам аттарын ана тілімізге мүмкіндігінше толық əрі дəл жеткізуге тырыстық. Бұл талаптарды мейлінше сақтап, кітаптың бірде-бір сөйлемін қалдырмауға, толық жəне сапалы етіп аударуға тырыстық, қажет болған жағдайда түсініктемелер мен сілтемелер жасадық, түркі-мұғул сөздерінің түсіндірме сөздігі мен аударма үшін пайдаланылған кітаптың парсы тіліндегі факсимилесі (скан көшірмесі) де қоса берілді.

- Ұлт үшін жасаған үлкен еңбектеріңіздің оқырманы көп болсын!


Соңғы жаңалықтар